{metadescription}
ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының бастығы болып Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы тағайындалды. Бұл туралы Polisia.kz жазды. 

Оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.

Қалижан Қобландиннің түрлі басшылық лауазымдарда тәжірибесі бар. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы 1980 жылы 19 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген.

2001 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2006 жылы Ресей Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2002 — 2015 жылдары — құқық қорғау органының қызметкері.

2015 — 2017 жылдары — Қызылорда облысының жергілікті полиция қызметінің басшысы.

2017 жылы Қызылорда облысының ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. Одан кейін көліктегі полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде