Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік турдың үздік бестігіне енді
Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен World Tour жарысы аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы 3-орын алды.
Фото: ҰОК
15:37 09.12.2024
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, эстафетада Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева қола жүлдені еншілеген.
Бұл нәтиже біздің құрамаға әлемдік тур рейтингіндегі позициясын жақсартуға мүмкіндік берді. Команда сегізінші орыннан бесінші орынға көтерілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде 142 ұпай бар. Ал Канада 260 ұпаймен көш бастап тұр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!