{metadescription}
Жетісу облысында бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел сотталды

Жетісу облысында бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел сотталды

Жетісу облысының тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Полиция бірнеше рет жасаған алаяқты Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен ұстады.

"2 жыл бойы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел халықтың сеніміне ие болып, оларға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға және тегін субсидиялар алуға көмегін ұсынды. 13 адам алаяқтың құрбаны болды, оның келтірген шығыны 12 миллион теңгеден асты", — делінген хабарламада.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде орын алған мұндай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде