{metadescription}
Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген құстарды аулаған браконьер ұсталды

Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген құстарды аулаған браконьер ұсталды

Ақмола облысында жабайы құстарды заңсыз аулаған браконьер ұсталды.  Polisia.kz-тің хабарлауынша 5 желтоқсанда Бұланды ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» мекемесінің мамандары бірлескен рейд барысында табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзған оқиғаның алдын алған. Атап айтқанда, Байсуат ауылының маңында 54 жастағы Астана қаласының тұрғыны жабайы құстарды заңсыз аулап жатқан жерінен ұсталды.

Ер адам арнайы тыйым салынған торларды пайдаланып, Қазақстанның Қызыл кітапқа енгізілген сирек құстарының бірі – қара басты пайызторғай тұқымдас құстарды аулаған. Полиция қызметкерлері браконьерден 76 құсты тәркілеп, оның далаға орнатқан торлы шыбықтарын анықтады. Өкінішке қарай, құстардың басым бөлігі торда қысылып, өліп қалған.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің Бұланды ауданы аумағында шамамен 80-ге жуық жабайы құсты ұстап, интернет-ресурстар арқылы сату үшін әрекет еткені белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тәркіленген құстарға сот-биологиялық зерттеу тағайындалды. Тергеу нәтижесінде күдіктіге қатысты заңды шешім қабылданады. 

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде