{metadescription}
Жеті балықшы қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалды

Жеті балықшы қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалды

Дүйсенбі күні таңертең Кореяның оңтүстік-шығысындағы Кёнджу жағалауында құм тиелген баржамен соқтығысқан балықшылар қайығы аударылып, суға батып кетті, деп хабарлайды Синьхуа  Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  Сегіз экипаж мүшесінің жетеуі қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалған.

Оқиға Кёнджу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 6 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 05:43–те болған.  

Жергілікті полиция құтқару қайықтары мен тікұшақтарды жіберген. 

Төңкерілген қайық ішінен табылған жеті экипаж мүшесінің жүрегі тоқтап қалғаны анықталды, дәрігерлер олардың қайтыс болғанын растады.

— Тағы бір балықшыны іздеу жалғасуда. Алдын ала тергеу көрсеткендей, соқтығыс капитанның алаңдаушылығынан болған, — делінген хабарламада.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде