{metadescription}
Египетте өткен жарыста паражүзуден қазақстандықтар алты медаль алды

Египетте өткен жарыста паражүзуден қазақстандықтар алты медаль алды

Египет астанасы Каир қаласында өткен World Series of Paraswimming әлемдік жарысында Қазақстан намысын қорғау үшін Астана қаласынан аттанған екі спортшы жеңіс тұғырынан көрінді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жарыстың алғашқы күндері елордалық параспортшылар үшін аса сәтті болды. Жастар арасында 50 метрлік еркін стильде Ерсұлтан Нәметуллаев (S9) пен 100 метрлік брасс бойынша Әли Тұрғанбеков (SB4) қола медаль жеңіп алды.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Айдар Қартпаев жарыс нәтижелеріне жоғары баға берді.

— Бұл жарыста еліміздің спортшылары жалпы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Олардың ішінде Астана қаласының қос спортшысы ерекше нәтиже көрсетті. Ерсұлтан Нәметуллаев 50 метрлік еркін стильде 30,00 секунд көрсетіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Бұл оның жеке жетістігі ғана емес, ел үшін үлкен мақтаныш. Сонымен қатар, Әли Тұрғанбеков 100 метрлік брасс жарысында өз нәтижесін жақсартып, Қазақстанның тағы бір рекордын жаңартты. Ол жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысу нормативін де орындады. Осындай жарыстар спортшыларымызға үлкен тәжірибе береді. Бұл — биылғы жылдың соңғы додасы, енді 2025 жылы Сингапурда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз, — деді ол.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде