{metadescription}
Көкшетауда бір отбасындағы төрт адамның қазасының себебі анықталып жатыр

Көкшетауда бір отбасындағы төрт адамның қазасының себебі анықталып жатыр

Көкшетауда төрт адамнан тұратын отбасы түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Үйлерінен ата-анасы мен кәмелетке толмаған 5 және 11 жастағы екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнында көміртегі тотығының ізі табылмаған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын түсіндірді. 

- Төрт адамның, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306 (қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп түсіндірді департаментте. 
Тергеу аясында тиісті сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде