{metadescription}
Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан 3 адам мерт болды

Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан 3 адам мерт болды

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты.

Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 10 желтоқсан күні сағат 01:00-де Алматы-Бішкек автожолының 136 шақырымында болды.

«Кia оptima» көлігінің 40 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Volvo FH» жүк көлігіне соғылған.

«Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы сол жерде мерт болды. Түрлі дене жарақаттарымен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады»,— деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде