Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футбол академиясын аралап көрді
Президент Ақтөбе қаласындағы «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: akorda.kz
19:35 10.12.2024
Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған. Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.
Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.
Президент осыған дейін Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!