Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адам көз жұмды
Ақтөбеде тұрмыстық жалжал кезінде биыл 4 адам көз жұмды. Оның екеуі әйел, екеуі ер. Отбасылық-тұрмыстық жанжал кезінде биыл полицияға 5 мыңнан астам қоңырау түсті. Тек әйелдер ғана емес, ата-аналар, балалар да зәбір көрген.
Фото: Pexels
08:36 11.12.2024
- Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстегі 73-бабы биыл маусымнан бастап Қылмыстық кодекстің 108 және 109-баптарына ауыстырылды. Яғни, «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру», «Ұрып-соғу» баптарына өзгертілді. Осыдан қылмыстың өскені байқалды. Былтыр 20 дерек, биыл 11 айда 149 қылмыстық іс тіркеліп тұр. Оның 103-і Қылмыстық кодекстің 108 және 109 баптары бойынша тіркелді,- деді Ақтөбе облыстық ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы Ақгүл Қасанғалиева.
Биыл Ақтөбедегі екі дағдарыс орталығына 200-ден астам адам орналасты. Оның 79-ы әйел болса, өзгесі балалар.
- Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде 4 адам көз жұмды. Оның екеуі әйел, екеуі ер адам. Отбасындағы жалжал, айқай-шу соңы осылай болып тұр,- деді Ақгүл Қасанғалиева.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!