{metadescription}
Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды

Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды.

- Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын,  айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін (ӘҚБтҚ 434 -бабының 1 - бөлімі) азамат Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлады облыстық соттан. 

Сондай-ақ С.Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны азаматтығы жоқ Б.Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен Қазақстан аумағынан шығарып жіберілді. 

 Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде