Доллар 8 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Фото: istockphoto.com
16:48 11.12.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 8,43 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 516, 93 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 522,1 теңге. Еуро 542 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 549 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 — 5,15 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 11 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 508,05 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,06 теңге. Еуро — 534,82.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!