Алматыда бейнебақылау жүйесінің арқасында қылмыс азайды
Жыл басынан бері Алматы қаласында қылмыс деңгейі 10-15%-ға төмендеді. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылықтың басым бөлігі қаланың әр жеріне орнатылған 150 мыңға жуық бейнебақылау камераларының көмегімен ашылған. Цифрлық құралдар оқиғаларға жедел әрекет етуге және қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
11:18 12.12.2024
Күн сайын полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаланың көшелерінде қызмет атқарады.
Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтың сөзінше, қылмыстарды ашумен қатар профилактикалық рейдтер, түсіндіру жұмыстары және қоғамдық орындар мен жолдарда тәртіпті бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.
— Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері 2 000-нан астам қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға қатысты. Қалада қылмыс деңгейі 10-15%-ға төмендеді. Алдағы Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында патрульдік полиция гарнизоны мен Полиция департаменті күшейтілген жұмыс режиміне көшіріледі, - деді Серік Шумаев.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!