{metadescription}
Ерсін Ескендіров Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі болып тағайындалды

Ерсін Ескендіров Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі болып тағайындалды

Абай облысының Ақсуат ауданына жаңа басшы келді. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлім етті.

Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы 1985 жылдың 28 желтоқсанында Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Семей құқық және бизнес колледжін «заңгер», 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», 2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Тарбағатай аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аға инспекторы қызметінен бастады. Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының кадр жөніндегі бас маманы, ШҚО ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің заңгері, бас маманы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеген.

Әр жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары, Абай облысының Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы, Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы сияқты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

 https://kaz.inform.kz/news/ersn-eskendrov-aksuat-audaninin-akm-bolip-tagayindaldi-7ff299/

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде