{metadescription}
Мереке күндері ХҚКО мен арнайы ХҚКО қалай жұмыс істейді

Мереке күндері ХҚКО мен арнайы ХҚКО қалай жұмыс істейді

Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 16 желтоқсанда, дүйсенбі күні ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мәліметінше, 14 желтоқсанда, сенбі күні кезекші орталықтар 09:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады.

17 желтоқсанда, сейсенбі күні ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты режимде жұмысын қайта бастайды. Мемлекеттік корпорацияның еске салуынша, орталықтар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 13:00-де жабылады.

Мамандандырылған кезекші ХҚКО азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сенбі күні жұмыс 13:00-де аяқталады.

Жаңажылдық мерекелік демалыс күндері мамандандырылған ХҚКО-лардың қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде