Атырау облысында 1 жылда 250 келіден астам есірткі тәркіленген
Атырау облысында былтыр есірткімен байланысты 107 қылмыс тіркелген.
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті
14:55 22.01.2025
Ал заңсыз айналымнан 250 келіден астам есірткі тәркіленген. Атырау облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұхановтың мәліметінше, есірткі тасымалдаған 46 адам ұсталған.
– Былтыр Атырау облысында есірткіге қатысты 173 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 107 қылмыс және 66 заң талабын бұзу дерегі бар. Заңсыз айналымнан 250 келіден астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді. Есірткі тасымалымен ұсталған 46 адамның арасында 7 әйел мен 2 жасөспірім бар. Олардың жартысы өзге өңірлерден келген, - деп мәлім етті Роман Ермұханов.
Оның дерегіне қарағанда, интернет желісінде есірткіні жарнамалаған 246 сайттың дерегі Ішкі істер министрлігіне бұғаттау үшін жолданған. Сондай-ақ 100-ден астам граффити жазбасы жойылған.
– Есірткі қолданып, көлік жүргізген 51 адам ұсталды. Сот шешімімен олар көлік жүргізу құқығынан айырылды. Облыс аумағында 2 фитозертхана анықталып, 72 түп сора өсімдігі тәркіленді, - дейді Роман Ермұханов.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!