{metadescription}
Елордада жолаушылар автобусы бетонға соғылды

Елордада жолаушылар автобусы бетонға соғылды

Елордада жеңіл автокөлік жүргізушісінің дұрыс бұрылмауынан көлік апаты болды.

Жол апаты Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында «Ниссан» жеңіл көлігі мен жолаушылар автобусының соқтығысуынан туындаған. 

- «Ниссан» жүргізушісі көшеден солға бұрылып жатқанда автобусты соқты, салдарынан қоғамдық көлік бетонға соғылды. Апаттың кесірінен зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Ізін суытпай жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде