{metadescription}
Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда чемпиондық атағын қорғайды

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда чемпиондық атағын қорғайды

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чнмпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) кезекті қарсыласы белгілі болды.

Top Rank промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы кезекті айқасын Қазақстанда өткіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Айта кетерлігі, жекпе-жек 5 сәуір күні Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

- Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз! Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз! Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік, - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.