Қаза тапқандар бар: Сан-Паулуда ұшақ адамдар көп жүретін даңғылға құлады
Сан-Паулудағы Маркес-де-Сан-Висенте даңғылына құлаған ұшақ автобусқа соғылған, деп жазады Report.
Фото: edition.cnn.com
19:30 07.02.2025
Жергілікті өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, ұшақ апатынан кемінде екі адам қаза тапқан. Автобус жолаушыларының бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушылар жанып жатқан көліктен аман-есен шығарылған.
- Қаза болған екі адамның мәйіті Beech F90 King Air ұшағының фюзеляжынан табылды, - деп хабарлады G1 басылымы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!