Ақтөбеде ойын клубынан өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды
Оқыс оқиға Алматы ауданының № 2 ықшам ауданында болған, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Фото: ТЖМ
09:26 08.02.2025
Алматы ауданының № 2 ықшам ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі видео ойын клубында өрт шықты.
— Жедел келген өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, пәтерлерден 50 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда. Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз! , — деп ескертті ведомство.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!