{metadescription}
Былтыр қазақстандық авиакомпаниялар жүк тасымалынан қанша табыс тапты

Былтыр қазақстандық авиакомпаниялар жүк тасымалынан қанша табыс тапты

Өткен жылы қазақстандық авиакомпаниялар әуе көлігімен тасымалдаған жүк көлемі 17% өскен.

Бұл туралы Көлік министрлігінің Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауапта айтылған.  

— Қазақстандық авиакомпаниялар әуе көлігімен тасымалдаған жүк көлемі бойынша өсім байқалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сәйкес, 2024 жылы әуе көлігімен тасымалданған жүктің көлемі 27,9 мың тонна болды, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17%-ға артық (23,8 мың тонна) және жүк тасымалынан түскен кіріс 15 501,7 млн теңге болды, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17%-ға артық (13 219,6 млн теңге), - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Көлік министрлігі Қазаэронавигация Қазақстан аспанынан қанша табыс тауып отырғанын мәлімдеген еді. 

— Соңғы 10 жылда «Қазаэронавигация» РМК мемлекеттік бюджетке 67 млрд 494 млн 940 мың теңге аударған. Ал соңғы 5 жылда 39 млрд 686 млн 86 мың теңге аударды. 2023 жылы «Қазаэронавигация» РМК мемлекеттік бюджетке 38 млрд 636 млн 459 мың теңге аударғанын атап өтеміз. Соңғы 10 жылдағы «Қазаэронавигация» РМК-ның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына аэронавигациялық қызмет көрсету бойынша түскен табысы - 870 млрд 127 млн 389 мың теңге, - деп жазылған жауапта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде