Азиада-2025: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті
Қазақстандық спортшылар ІХ қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатика сынында үздік нәтиже тіркеп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Фото: Нұрғали Жұмағазы
10:57 11.02.2025
Отандастарымыз Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі. Қытайлық спортшылар күміс және қола медалды өзара бөлісті. Тағы бір қазақстандық жұп Дінмұхаммед Райымқұлов және Асылхан Асан 83.96 ұпай еншілеп, төртінші орынан көрінді.
Айта кетерлігі, бұл — Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы екінші алтын медалі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!