Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Биыл 28 қаңтарда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды.
Фото: ҚР ҰҚК
11:07 11.02.2025
Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясы бойынша қамауға алынды.
- Тінту барысында 15 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген, - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!