Петропавлда жарты жылдың ішінде көлігіне жалған нөмір таққан 5 адам анықталды
Петропавлда жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жігіт сот шешімімен бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі
13:46 13.02.2025
Енді оның бір жыл бойы автокөлік жүргізуге құқы жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 30 жастағы тұрғыны «Lada 21214» автокөлігіне жалған мемлекеттік нөмір салып жүрген. Полицейлер бұл фактіні жол жүрісі қағидаларын бұзуды автоматты түрде тіркейтін бейнежүйелер арқылы анықтады.
Процессингтік орталықтың қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірмен жүру фактісін анықтаған жағдайда полицияның барлық мүдделі қызметтеріне хабарлайды.
Бейнебақылау инспекторлары және қол астында «Мегакам.Қорғау» бағдарламасы бар патрульдік инспекторлар іздеуде жүрген автокөліктің жүрген жерін қысқа уақыт ішінде анықтайды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Петропавлда қосымша интеллектуалдық бейнежүйелер орнатылғаннан бері жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың 5 фактісі анықталған. Бүгінде облыс орталығында мұндай бейнежүйелердің саны 50-ге жуық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!