{metadescription}
Ауа райына байланысты жабылған жолдар тізімі жарияланды

Ауа райына байланысты жабылған жолдар тізімі жарияланды

«ҚазАвтоЖол» ҰК қазіргі уақытта күн райының бұзылуына байланысты жабылған жолдар туралы жаңартылған мәліметті жария етті. Сағат 10:30:

Қостанай облысы:

— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Ақмола облысы:

— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін);

— «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 856-1230 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қажымұқан ауылына дейін). Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 11:00

Қарағанды облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Павлодар облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 12:00

Ақмола облысы:

«Көкшетау-Атбасар» автожолының 100-184 шақырым аралығындағы учаскесінде көліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 13 ақпан сағат 17:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 13:00

Қарағанды облысы:

«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 1505-1610 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) көліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 15:00

Абай облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-1013 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасынан ШҚО шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

— «Таскескен — Бақты» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Жетісу облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 14:00–де ашу жоспарланған.

 https://kaz.inform.kz/news/kazavtozhol-aua-rayina-baylanisti-zhabilgan-zholdardin-tzmn-usindi-f996bd/

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.