Үстіне футбол қақпасы құлаған елорда тұрғыны мерт болды
Әлеуметтік желіде ер адамдың үстіне футбол қақпасы құлаған сәтінің видеосы тарады.
Фото: видеодан скрин
11:25 14.02.2025
- Алдын ала мәлімет бойынша, жазатайым оқиға болған. Ер адам футбол ойыны кезінде қақпаға көтерілмек болған, салдарынан қақпа құлап, оны басып қалған, - делінген елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
- Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіледі, - дейді полиция департаментінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!