{metadescription}
Қыстың қақ ортасында Ақтөбедегі мектептің жылу жүйесі сыр берді

Қыстың қақ ортасында Ақтөбедегі мектептің жылу жүйесі сыр берді

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы №6 орта мектептің жылу жүйесі істен шығып, екі күн бойы оқушылар онлайн білім алды. 

Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы № 6 орта мектепте қазір жылу жүйесі уақытша қалпына келтірілді. Ал жөндеу жұмысы көктемгі демалыста жүргізіледі.

— № 6 орта мектептегі жылыту жүйесі аудан әкімінің, мәслихаттың, білім бөлімінің бақылауында тұр. 3-4 ақпан күндері мұнда жылу жүйесінен ақау шығып, балалар сол күндері онлайн білім алды. Мектеп жертөлесіндегі жылу құбыры тозып, істен шыққан. Жұмыс тобы оны қалпына келтіріп қойды. Ал жылу жүйесін толық ауыстыру жұмысы көктемгі демалыс кезінде жүргізіледі. Қазіргі кезде қажетті құрал-жабдықтың бәрі сатып алынды. Мемлекеттік сатып алу жүргізілді, материалдар қоймада сақтаулы тұр. Балалар мектепте оқып жүр. Мұндағы температура күн сайын өлшеніп, тексеріледі. Сынып ішіндегі температура 20-22 градус жылы, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.