Алматыда балабақша қызметкері 4 жасар балаға күш көрсеткен
Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады.
Фото: Астана әкімдігі
12:37 14.02.2025
Желідегі мәліметке сәйкес, Алматыдағы жекеменшік балабақшада мекеме қызметкері 4 жасар балаға күш көрсеткен. Оқиға кезінде бөлмеде тағы екі ересек адам болған. Бірақ олар балаға араша түспеген. Алматы қаласы Полиция депаратменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
— Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады полициядан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!