Елордада мемлекет қажетіне 58 жер телімі алынады
Бүгін елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында жер учаскелерін мемлекет қажетіне алуға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу мәселесі қаралды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
13:05 14.02.2025
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Айта кетейік, жақында мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына мемлекет қажетіне алуға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі ұсынылған болатын. Сонымен қатар, пайдалануға беру жоспарланған әлеуметтік нысандар, бірқатар көшелер, мектептер, шағын айналма жолдың екі учаскесі, әкімшілік ғимараттың тізбесі таныстырылды.
Бүгін мәслихаттың сессиясында Астана қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов алынатын жер телімдеріне қатысты түсінік берді.
- Тұрғын үй басқармасы мәслихат сессиясының қарауына 1 млрд 260 млн тенге сомасында жалпы ауданы 15 гектар, 16 объект бойынша 58 жер учаскесін сатып алу жөніндегі шарттың жобасын ұсынады, - деді Әнуар Саипов.
Жер участкелерін сатып алу келесі құрылыс нысандары бойынша жүзеге асады:
- Мәңгілік ел және Сығанақ даңғылдарының қиылысы;
- Тоқпанов көшесі маңындағы мектеп;
- Қалдаяқов және Нұрмағамбетов кқшелерінің қиылысындағы балабақша;
- №48, 69, А106 және А108 аумағында Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының кешені;
- Айтматов және Қорғалжын көшесі қиылысындағы әкімшілік ғимарат;
- Ақан сері кешесіндегі балабақша құрылысы;
- С645 және Еңлік-Кебек көшесі қиылысындағы мектеп;
- Байтұрсынов және Нәжімеденов даңғылдары арасындағы А-50 мен А51 көшелері;
- Тілендиев даңғылынан Конституция көшесіне дейінгі шағын айналма жол;
- Пушкин көшесінен Конституция көшесіне дейінгі шағын айналма жол;
- Хусейн бен Талал және Қабанбай батыр даңғылдары қиылысындағы әкімшілік ғимарат.
Әнуар Саиповтың айтуынша, жер учаскелерінің меншік иелері ұсынылған өтемақы сомасымен таныстырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!