{metadescription}
Қор нарығында доллар тағы арзандады

Қор нарығында доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,67 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 495,28 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 520 — 524 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 502,7 теңге, сатып алу құны — 496,7 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,37 - 5,52 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 497,88 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. Еуро — 518,59.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде