Ақтөбеде полиция жолда тұрып қалған мыңнан астам көлікті алып жүрді
Ақтөбеде жеңіл көлік үшін барлық бағытта жол ашылды.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызмет
10:24 17.02.2025
Полиция мыңнан астап көлікті алып жүрді. Ақтөбеде кеше боран болып, республикалық маңызы бар 5 автожол жабылды. Бүгін таңда жеңіл көліктер үшін барлық жол ашылды. Ал Ақтөбе қаласынан БҚО шекарасына дейінгі аралықтағы барлық шектеу алынды.
- Полицейлер автожолдарда жиналған мыңнан астам жеңіл көлікті сүймелдеуді ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары әзірге ауылдан шықпай, ауа райының дұрысталғанын күтуге кеңес береді. Сонымен бірге жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға мұқият болу керек,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!