Алматыдағы аудандардың бірінде су өшіріледі
Алматының Бостандық ауданында жаңа су желілерін пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pexels
11:33 17.02.2025
"Алматы су" МКК-ның ақпаратына сәйкес, 18 ақпанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су беруде шектеулер болады:
- Розыбакиев көшесінің бойындағы – "Амир" ТК, "Эстет" ТК "4You" ТК
- Тәжібаева көшесінің бойындағы – "Элемент" тұрғын үй кешені
- Қожабаева 6, 17/1,21 көшесінің бойындағы "Браун" тұрғын үй кешені.
"Аталған қала секторларында суық сумен жабдықтауға уақытша шектеу қою жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Мәжбүрлі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", – деп хабарлады ұйым өкілдері.
"Алматы су" МКҚК диспетчерлік қызметі: 274-66-66.
Ақпанның 13-і күні Алматы әкімі Ерболат Досаевтан су ақысының көтерілгенін түсіндіруді сұраған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!