{metadescription}
Мажарстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Мажарстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Мажарстанның президенті Тамаш Шуйок және Парламент спикері Ласло Кевердің Қазақстанға ресми сапарпен келеді.

Бүгін Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто Қазақстанға ресми сапармен келді. 

Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөз өткізді.

— Мажарстан — Еуропадағы сенімді стратегиялық серіктес ел. Тарих пен рухани шежіре де ортақтастық көп, бауырлас мемлекет. Біз Будапештпен прагмативті және өзара мүддені қолдауға бағытталған берік әрі ұзақ мерзімде дамытуға мән береміз. Соңғы 30 жылда жаңғырған екіжақты қарым-қатынас мазмұнды саяси диалог пен қарқынды саяси-экономикалық, инвестициялық кооперациямен өрісі кең мәдени-гуманитарлық байланыспен ерекшеленеді. Әсіресе Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанның өзара сапарлары саяси диалогқа нығайтып, әрдайым тың динамика беріп келеді, — деді Мұрат Нұртілеу ресми кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасау барысында.

Министрдің айтуынша, парламент аралық қатынас екі елдің өзара ынтымақтастығына серпін беруде. 

— Бүгін елімізге ресми сапармен келген делегация құрамында Мажарстан ұлттық ассамблеясының Достық тобының парламентшілері бар. Саяси мәселелерге келсек, биыл Мажарстанның президенті Тамаш Шуйок және Парламент спикері Ласло Кевердің елімізге ресми сапарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Әрине, биылдың қысқаша ғана тізімі, болашақта біз екпінді, белсенді саяси диалогты жалғастыруға мән береміз, — дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде