Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып Аманжол Ибрагимов тағайындалды
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы бұйрығымен Аманжол Ибрагимов 2025 жылдың 17 ақпанынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Фото: Алматы облысының әкімдігі
15:46 17.02.2025
Аманжол Ибрагимов 1968 жылы туған, білімі жоғары.
1995 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Шығыстану» мамандығы бойынша, 2004 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы теміржолының жетекші маманы қызметінен бастаған. 18 жылдай «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ҚХР-ғы Өкілдік жұмыстарын басқарған.
Әр жылдары «Қазақ темір жолы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының халықаралық басқармасында, Шыңжаң — Ұйғыр автономиялық ауданы өкілдігінің басшысы, «ҚТЖ» ҰК-ның халықаралық басқармасының бөлім басшысы, ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия өкілдігінің басшысы, «ҚТЖ» ҰК» Президент кеңесшісі, «ҚТЖ Экспресс» АҚ-ның Президент кеңесшісі, «Қазпошта» АҚ-ның филиал директоры, «КТЖ Экспрес» АҚ-ның контейнер тасымалдау департаментінің директоры, «Eurasia Supply Chain Aktau/Almaty» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
2024 жылғы қазан айынан қазіргі уақытқа дейін «TezJet Cargo» ЖШС-ның бас директоры лауазымында болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!