{metadescription}
Полиция Екібастұзда төбесі опырылып түскен сауда орталығы бойынша қылмыстық іс қозғады

Полиция Екібастұзда төбесі опырылып түскен сауда орталығы бойынша қылмыстық іс қозғады

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады -деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Екібастұзда төбесі ойылып, ортасына түскен «Maxi Mall» сауда – ойын-сауық орталығындағы оқиғаны тергеу жұмыстары басталды.

- Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінен.

Еске сала кетейік, кеше түстен кейін Екібастұзда «Maxi Mall» сауда орталығының төбесі опырылып түсті. Опырылған жердің аумағы шамамен 150 шаршы метр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде