Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Фото: freepik.com
17:07 17.02.2025
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,71 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 498, 75 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 522 — 527 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,31 - 5,43 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 17 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 495,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. Еуро — 518,41.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!