Құтқарушылар жолда қалып қойған Тәжікстан азаматтарына көмек көрсетті
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында Речное ауылының маңында жеңіл автокөліктер қар құрсауында қалды. Белгілі болғандай, алты азамат құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: Видеодан скрин
08:35 18.02.2025
ТЖМ қызметкерлері автокөліктерді жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп апарып, Ұзынкөл ауылына дейін жеткізді.
Сондай-ақ түнде 112 пультіне БҚО Сырым ауданындағы «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолында жолаушылар автобусының бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖМ қызметкерлері техникалық ақаулы автобустан Жымпиты кентінің ең жақын жылыту пунктіне 21 жолаушыны эвакуациялады.
Эвакуацияланған адамдарға медициналық көмек қажет болмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!