ҰҚК: Желіде терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды
ҰҚК Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды.
Фото: ҰҚК
12:42 18.02.2025
2025 жылғы 17 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп жазады kazinform.
— Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!