Жомарт кенішіндегі қайғылы оқиға: қаза тапқандардың аты-жөндері жарияланды
Жомарт кенішінде қаза тапқан жеті кеншінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Kazinform
12:45 18.02.2025
Жақында авариялық-құтқару топтары қираған тау-кен үйінділерінің астынан 7 кеншінің денесін шығарды:
Қаза болғандардың тізімі:
1. Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
2. Жақыбаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жер асты учаскесінің тау-кен шебері;
3. Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жер асты тау-кен жұмысшысы:
4. Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
5. Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі,
6. Нұрулдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жер асты учаскесінің энергетигі,
7. Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен қазу жабдықтарының электр слесарь-монтажшысы.
Осыған дейін хабарланғандай, «Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 есесін, сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыруға 2 млн теңгеден астам қаржы төлейді.
Осыған дейін Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалғаны туралы жаздық. Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.
Оқиғаға байланысты үкіметтік комиссия құрылды, оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!