{metadescription}
Жамбыл облысындағы бөбекжайда 10 бала инфекция жұқтырып, ауруханаға түсті

Жамбыл облысындағы бөбекжайда 10 бала инфекция жұқтырып, ауруханаға түсті

Жамбыл облысы әкімдігі Меркі ауданы «Нұрай» бөбекжай бақшасында болған жағдай туралы мәлімдеме жасады.

Биыл 17 наурыз күні Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түскен.

Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирусты инфекция диагнозымен тіркелген. 1 жасөспірім жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты.

Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, болған жағдай зерделеніп жатыр. Аурудың неден шыққаны анықталады.

- Қазір ауруханада қосымша төсек орны қажеттілікке байланысты дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бүгінгі күнге Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тексеру жұмыстары басталып, барлық сынамалар алынған, қорытындысы енді шығады. Аталған бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата аналарға ескертілді. Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады, - делінген хабарламада.

Қоғамдық ахуал тұрақты, жағдай бақылауда.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде