Таразда жасөспірім әкесінің көлігін айдап кетіп, полициядан қашқан
14 наурыз түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары Hyundai Sonata автокөлігін жас бала жүргізіп бара жатқанын байқаған.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
09:42 18.03.2025
Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қауіпті маневрлар жасап, бой тасаламақ болған. Жолдың басқа қатысушыларына қауіп төндірмес үшін құқық бұзушыны бірнеше экипаж қоршап тоқтатуға тура келді. Тексеру барысында оның кәмелетке толмағаны және автокөліктің әкесіне тиесілі екені анықталды.
Жасөспірімнің заңды өкілі шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары