Енді кино саласына бөлінетін қаржы цифрлық бақылауда болады
Мәдениет және ақпарат министрлігі цифрлық құралдардың көмегімен киноны қаржыландыруды неғұрлым ашық етпек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.
Фото: istockphoto.com
15:10 18.03.2025
"Мәдениет және өнер саласын цифрлық трансформациялау деректерді талдаудың заманауи технологияларын, оның ішінде жасанды интеллектіні енгізу және ауқымды деректерді өңдеу есебінен шығармашылық жобалардың сәтті шығуын болжауды көздейді. Бұл ретте кинотеатрлардағы кассалық түсім туралы бұрмаланған деректерге жол бермеу және кірісті бөлудегі ашықтықтың болмауын жою есебінен көлеңңкелі айналымға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылданып жатыр", - деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.
Министрдің мәлімдеуінше, қазір Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметтердің 21 түрін көрсетеді. Олардың ішінде 12-сі толығымен автоматтандырылған.
Былтыр аталған ведомство 530 мыңға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілген, соның 67%-ы электрондық форматта ұсынылды.
"Біз Мәдениет және ақпарат министрлігінің 46 бизнес-процесіне реинжиниринг жүргіздік. Олардың ішінде киножобалар өндірісі бойынша 3 процесс және олардың таратылуы бойынша 3 процесс. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін Мәдениет және ақпарат министрлігінің цифрлық құралдарды енгізу бойынша бастамасын қолдаймыз, олар киноны қаржыландыруды неғұрлым ашық етеді. Шығыстарды бақылауға және салынған қаражаттың тиімділігін арттыруға көмектеседі", - дейді ол.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары