Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті
Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Фото: akorda.kz
16:05 18.03.2025
"Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді", — делінген хабарламада.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.
Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары