{metadescription}
Ақсеңгір – Шамалған аралығында ер адам абайсызда пойыз астына түсті

Ақсеңгір – Шамалған аралығында ер адам абайсызда пойыз астына түсті

Оқиға 17 наурызда сағат 17:24-те болған.

Ақсеңгір – Шамалған темір жол аралығында (Алматы – Отар учаскесі) жүк пойызының машинисі жолда бөгде адамның кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Ер адам локомотив пен өткел бойынша кезекшінің сигнал берулеріне жауап бермеді. Басудың алдын алу мүмкін болмады.

Болған оқиға туралы Алматы-1станциясының желілік полиция басқармасына хабарланды.

«Оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің жеке абайсыздығы және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы. ҚТЖ азаматтарды темір жолдан өту ережелерін қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған өткелдерді пайдалануға, сондай-ақ темір жол маңында қырағылық пен ұқыптылық танытуға шақырады», - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде