Азамат Қасымов Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы лауазымына белгілі журналист Азамат Қасымов тағайындалды.
Фото: Абай облысы әкімдігі
17:09 18.03.2025
Азамат Әбілұлы 1985 жылы 8 тамызда Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған. 2009-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды.
2017-2020 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 2020-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай» телеарнасы қазақ редакциясының шеф-редакторы, республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, «Хабар» агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2022-2024 жылдары «Хабар» агенттігінің Абай облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.
2024 жылдың мамыр айынан Абай облысы әкімінің кеңесшісі болды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары