{metadescription}
Артур Платонов

Артур Платонов

Қызметі: Автор и ведущий

Артур Платонов 1974 жылы 11 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді.  

Білімі: Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының тарихи-теориялық факультеті, аспирантура;

Өнертанушы, тарихшы, «40-жылдардағы Верди опералары» монографиясының авторы,  сондай-ақ батысеуропалық музыка театрының тарихы туралы 50-ге жуық мақала жазды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында он жылдан астам батысеуропалық музыка тарихы жөнінен  дәріс оқыды.

2008-2009  Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіндегі халықаралық журналистика факультетінде  және басқа да ірі жоғары оқу орындарында дәріс оқыды.

2010 жылдан бері Халықаралық ақпараттық  технологиялар  университетінде менеджмент және қоғамдық тәртіп кафедрасының профессоры.

Еңбек жолы: 

2000- 2011 ж.  – КТК телеарнасында ақпараттық қорытындылау Портрет недели» бағдарламасының жетекшісі, сценарий авторы, жүргізушісі болды.

"Гэллап Медиа" мәліметі бойынша, аталмыш бағдарлама Қазақстандағы  рейтінгісі ең жоғары және ТМД елдерінде де рейтингісі жоғары бағдарлама. (көрермені  50%);  

2006  - "КТК" АҚ президенті;

2006 - Академик, Телевизия және радио еуразиялық академиясы (Мәскеу);

2007  - КТК телеарнасының  меншікті тарату директоры.

2009  Халықаралық еуразиялық телеакадемиясының академигі. (Мәскеу);

2002 – ҚР Президентінің жанындағы БАҚ бойынша қоғамдық кеңестің мүшесі;

2008 – «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы  әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі;

2011 жылдан бері "Слуги народа" бағдарламасының авторы, продюсері, жүргізушісі;

2012 – Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі қоғамдық кеңесінің мүшесі;

2013 – «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі;

2013 – ҚР Бас прокуратурасы жанындағы заңды қадағалау бойынша бақылаушы кеңесінің мүшесі;

2008 – 2012  «Нұр Отан» партиясы төрағасы  орынбасарының кеңесшісі;

2012 – 2014 ҚР Парламенті Мәжілісі Спикерінің кеңесшісі;

2013 – Қазақстан азаматтық альянсының вице-президенті;

2014 – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі;

2015 – ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның сарапшысы;

2015 - ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі

2016 - наурыз айында өткен сайлауда "Нұр Отан" партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды

Марапаттары:  

Қазақстандағы «Жыл таңдауы» жүлдесінің жеті мәрте лауреаты;

«Үздік журналист» номинациясында «Жыл адамы»,

«Алтын Адам – жыл тұлғасы»,

«Мамандығында  бір беттілігі мен батырлығы»,

«Алтын Адам»  - онжылдық журналисі  атағының иегері (2000 - 2009);

Қазақстандық телевизияда рейтингісі ең жоғары авторлық бағдарламаның авторы, жетекшісі және еліміздегі ең үздік тележүргізуші (2004) ретінде Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты;

Мәскеуде өткен IX Еуразиялық телефорумындағы    «Ақпараттық-публицистикалық бағдарлама» номинациясының жеңімпазы  (2006);

Мәскеуде өткен XII Еуразиялық телефорумындағы    «Ақпараттық-публицистикалық бағдарлама» номинациясының жеңімпазы  (2009)

Тұңғыш Президент қорының «Портрет недели» бағдарламасы үшін» сыйлығының иегері (2009);

«Жемқорлықпен күресте қосқан үлесі үшін» Нұр Сұңқар жүлдесінің лауреаты (2010);

Севастопольде өткен ''Победили вместе'' IX Халықаралық  кинофестивалінің жеңімпазы. Бас жүлде – «Проданные души» деректі фильмі. (3013); 

IV Канн кинофестивалінде (The 4th Cannes Corporate Media&TV Awards, France) «Проданные души» " ("The Sold Souls") (2013) деректі фильмі  «Үздік сценарий» номинациясында жеңіп алды;

«Билік пен қоғам арасындағы диалогты дамытуда қосқан еңбегі үшін ұлттық тану» жүлдесінің иегері (2014);

Атақты «Алтын жұлдыз» сыйлығының  «Еліміздің үздік журналисі» (2014) иегері;

2015 – Жалпыұлттық кеңестің мүшесі;

Президент сайлауында Мемлекет басшысының сенімді өкілі 2011; 2015;

2015 – Мемлекет басшысы сайлауалды штабының мүшесі;

«Құрмет» ордені (2010), Тұңғыш Президент қорының медалімен марапатталған.

Еліміздің саяси және экономикалық өмірін шынайы көрсеткені үшін ҚР Президенті  Грантының иегері.

Мемлекет басшысы Алғысының иегері. (2005, 2010, 2011,2015)

2016 - Жыл адамы. "Отанына қызмет ету" аталымында  - "Алтын адам". 

2016 - "Баспасөз және ақпарат дамытуда қосқан үлесі үшін" Құрмет белгісі

Қазір эфирде