{metadescription}
Флора Алиева

Флора Алиева

Қызметі: Выпускающий редактор

Армансыз адам бар ма? Әркімнің ішкі арманы, өзінің алға қойған қойған мақсаты бар. Кішкентай кезде қыз бала, әдетте  әртіс, балерина, әнші болғысы келеді. Ал мен  бала кезімнен микрофонмен жүруді аңсадым.  Есейе келе, арман-тілегімді бекіту үшін  журналистика факультетіне түсуге талпындым.  Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің аталмыш факультетіне түсіп, КТК арнасына жұмыс істеуге бардым. Ол 1997 жыл еді.  Содан бері  сүйікті ісіммен шұғылданып келемін.  Журналистика - мен үшін мамандықтан көрі өмір салты, әуестік деп ойлаймын.  Бойжеткен қыз тәрбиелеп отырмын.  Дәмді кофе, ащы шоколад, теңіз, күз - көңілімнің хошын келтіріп, жанымды жадыратады.   

Қазір эфирде