{metadescription}
Оразәлі Баймұрат

Оразәлі Баймұрат

Қызметі: Шығарушы редактор

Жұмыс тәжірибесі:

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін  тәмамдаған. Еңбек жолын «Алматы ақшамы» газетінен бастады.  О баста журналистиканы таңдағанда, ТВ-да істеймін деген ойы болмаған. Бала кезінде бұл салаға бару үшін түрің керемет әдемі, дауысың  жуан болуы керек деп ойлайтын.  Бірақ ойда-жоқта  ТВ-дан бір-ақ шығып, тіпті бағдарламалар жүргізді.

«Алматы ақшамы» газеті, – НТК арнасы, «Евразия» интернет-порталы, «Жас қазақ»  газетінде қызмет атқарды.

"Ел-жұрт" бағдарламасы үшін Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығына ие болды.   

Негізі, кішкентай күнінде теледидардың алдынан шықпайтын. Сонда әжесі:  «Теледидар саған нан бола ма, одан да қорадағы малға қара» деп ұрсады екен.  Ал қазір  ТВ арқылы нанын тауып отырған жайы бар.    

Қазір эфирде