{metadescription}
Оксана Василенко

Оксана Василенко

Қызметі: Ведущая

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Дипломын алған соң Алматыдағы мектептердің бірінде орыс тілі және әдебиеттен сабақ берді. Бірде анасы газеттегі тележүргізушілер туралы хабарламаны көріп, қызына жүргізуші мамандығын таңдауды ұсынды. Сөйтіп Оксананың тағдыры шешілді. Телевизияға қызметке кірген Оксана "Караван" және "Караван-блиц" газетінде репортер болып істеді. Біраз уақыттан соң КТК арнасының жаңалықтар жүргізушісі болды. Айта кету керек, Оксана КТК арнасының «тікелей» эфирге шыққан  тұңғыш жаңалықтар жүргізушісі. Сегіз жылдан соң Оксана әлеуметтік  "Неотложка", кейінірек көңіл көтеретін  "Утро на КТК" бағдарламаларының жүргізушісі болды. Ал 2008 жылдан бері  "Дорога домой" жобасын жүргізеді.  "Дорога домой"  бағдарламасының бірінші эфирі дайындалып жатқанда Оксананың тым болмаса, бір жетім баланы берекелі отбасы асырап алса деген арманы болды. Ал бүгінде  400-ден астам жетім бала бақытты отбасында өмір сүріп жатыр.  
"Дорога домой" бағдарламасымен қатар "Выходной со звездой" жобасы жарық көрді.  Бұнда Оксана демалыс күні көрермендерді елге танымал тұлғалардың шаңырағында 

отырып,  жұлдыздардың жұрт көзінен тыс дүниелерін көрсетеді. Оксана аталмыш бағдарламаның авторы, жүргізушісі, режиссері, продюсері. Өзін жан-жақты көрсеткені шығармашылық дамуына себін тигізеді деп санайды. "Егер өз мамандығыңды  ұнатсаң, демек бір күн де жұмыс істемейсің»  - тап осы Оксана туралы айтылғандай. Себебі, сүйікті жұмысы – оның хоббиі. Діңкеңді құртатын түсірілімдер, ұзақ уақыттық монтаждар   Оксанаға қуаныш әкеледі.

Оның тағы бір хоббиі  - автомашина. Оксана 11 жыл көлік рөлінде. Көлік айдағанды ұнататын Оксана оны стресстен арылудың бір жолы деп санайды.
Республикалық жас орындаушылар байқауында 2-ші орын алған скрипкашы қызы Юлияны мақтан тұтады.

 

 

 

 

Қазір эфирде