{metadescription}
 Виктория Савельева

Виктория Савельева

Туған жері: Тараз

Қызметі: Внештатный корреспондент корпункта «КТК» по Жамбылской области

Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз - ред.)  дүниеге келді. Кішкене кезінде ғарышкер болуды аңсаған Вика, журналист болып шықты. Сүйікті мамандығының қиын да күрделі  соқпақ жолын барынша көрді. Өмірлік бағытын анықтау да оңай болмады. Web-дизайн, газет парағын беттеу және отбасының қамымен уақыт өте берді. Қос шынары - қос қызы өсіп келеді.  Менеджмент, мұнай-газ саласы факультеттеріне оқуға түсіп, жарты жылдан соң қаламаған ісі екеніне көзі жетіп, оқуын тастап кетті.  Ақыр соңында  филология факультетін бітіріп шықты. Өз жұмысын шығармашылықтың қайнар көзі деп есептейді.  Шалғай аудандарға іс-сапармен барғанды жаны сүйеді. Журналист мамандығында ең маңыздысы - жеделдік пен нақтылық деп санайды.  Өзекті мәселесін айтып келген қарапайым жұрттың проблемасын барынша шешуге тырысады. Жұмыс барысында  елдің  "рақмет" деген бір ауыз сөзі  мен үшін  үлкен бақыт деп санайды. 

Қазір эфирде